25.07.2026 14:28
Салах «Бешикташқа» ауысуға жақын
25.07.2026 14:28
Мұхамед Салах еркін агент ретінде «Бешикташқа» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап 2027 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі болады екен. Ал жалақысы жылына 12 миллион еуроны құрайды. Ыстамбұл клубының бас бапкері Винченцо Итальяно Салахты көндіру үшін барын салып жатыр.
Салахтың соңғы клубы «Ливерпуль» болды. 34 жастағы мысырлық вингер Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғады. Оған дейін «Рома», «Челси», «Фиорентина» және «Базельде» ойнаған.