23.10.2025 01:59

«Реал» «Ювентустан» басым түсті

23.10.2025 01:59

Чемпиондар лигасының 3-туры аясында «Реал» өз алаңында «Ювентусты» жеңді

Сантьяго Бернабеу атындағы стадионда өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды Джуд Беллингем 57-минутта соқты.

Осылайша мүмкін болған тоғыз ұпайдың бәрін еншілеген «бланкос» турнир кестесінде 5-сатыға орнықты.

Хаби Алонсо шәкірттері келесі турда «Ливерпульге» қонаққа барады. Ал Испания чемпионатында үш күннен кейін «Барселонаны» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram