09.06.2026 19:32
«Реал» Мастантуононы жалға беруге дайын
09.06.2026 19:32
«Реал» жартылай қорғаушысы Франко Мастантуоно жазда клубтан кетеді

Маттео Мореттоның хабарлауынша, Мадридтің клубы оны Әлем чемпионатынан кейін басқа командаға жалға беруге дайын. Ал Франко қайда барғысы келетінін өзі таңдайды екен.
Мастантуоно «бланкос» сапына өткен жазда «Ривер Плейттен» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. 18 жастағы аргентиналық вингер осы маусымда 35 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.