12.12.2025 16:11

«Реал» ойыншысы Түркияға ауысуы мүмкін

12.12.2025 16:11

«Галатасарай» қаңтар айында Рюдигерді қатарға қосқысы келеді

«Галатасарай» қаңтарда «Реал» клубының қорғаушысы Антонио Рюдигерді сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды The Touchline.

Бұл маусымда 32 жастағы қорғаушы «Реал» сапында бес матчқа қатысты. Неміс ойыншысының клубпен жасалған қолданыстағы келісімшарты осы маусымның соңына дейін есептелген. Transfermarkt оны 15 млн еуроға бағалайды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram