08.12.2025 03:03

«Реал» жеңіліс тапты

08.12.2025 03:03

Испания Ла Лигасының 15-турында «Реал» өз алаңында «Сельтаға» есе жіберді

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесу 0:2 есебімен аяқталды, қос голды да Уиллиот Сведберг соқты. Сондай-ақ 63 пен 64-минутта Фран Гарсия және 90+2-минутта Альваро Каррерас екі рет сары қағаз алып, алаңнан қуылып кетті.

Осылайша еншісінде 36 ұпайы бар Мадридтің клубы турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. «Бланкос» басты бәсекелесі «Барселонадан» төрт ұпайға қалып қойды.

Хаби Алонсоның шәкірттері келесі турда 14 желтоқсан күні «Алавеске» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Манчестер Ситиді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram