23.12.2025 22:17
«Реалдың» түйіп отырған қаржысы бар
23.12.2025 22:17
«Реал» 50 млн еуроны қысқы трансферге дайындап жатыр

«Реал» қыста «Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Венді сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Defensa Central хабарлайды.
Команда ойыншының ауысуын жақын арада өтетін трансферлік терезеде жүзеге асыруға дайын. Лондон клубы ван де Веннің трансфері үшін 50 млн еуро сұрайды деп күтілуде. «Реал» басшылары бұл қаржыны қолайлы деп санайды.
Микки ван де Вен 2023 жылы «Тоттенхэм» клубына «Вольфсбург» командасынан ауысқан еді.