01.08.2026 16:20
«Реалдың» үшінші ойыншысы «Фулхэмге» ауысуы мүмкін
01.08.2026 16:20
«Реал» жартылай қорғаушысы Тьяго Питарч «Фулхэмге» ауысуға жақын

Marca хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Жаңа бас бапкер Жозе Моуринью оған тұрақты түрде ойнататынына кепілдік бермейді. Сондықтан 18 жастағы испаниялық ойыншы Альваро Арбелоа баптайтын командаға қосылуға дайын.
Осыған дейін Лондонның клубына Гонсало Гарсия мен Сесар Паласиостың ауысатыны хабарланған еді. Ал «Реал» екі ойыншысын да кез-келген уақытта қайта сатып ала алады.
Питарч өткен маусым «Реалдың» негізгі құрамында 16 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.