24.12.2025 22:26
Рияд Марез рекорд орнатты
24.12.2025 22:26
Африка кубогының бірінші турында Алжир Суданды (3:0) тізе бүктірді

Марокко астанасы Рабатта өткен кездесуде Рияд Марез матчтың 1 минут 20-секундында есеп ашып, биылғы додадағы ең жылдам голды соқты.
Сондай-ақ 34 жастағы футболшы Африка кубогында ең көп гол соққан Алжир ойыншысы атанды. Оның еншісінде жеті гол бар.
Айта кетейік, алғашқы ойыннан кейін Алжир Е тобында көш бастады. Келесі кездесуін команда 28 желтоқсан күні Буркина-Фасоға қарсы өткізеді.