22.10.2025 10:17

Роберт Левандовски «Интер Майамиге» ауысуы мүмкін

22.10.2025 10:17

Роберт Левандовски мансабын MLS-те жалғастыруы мүмкін

Inter Miami News Hub мәліметінше, 37 жастағы шабуылшыға  «Интер Майами» қызығушылық танытып отыр.

Флоридалықтар поляк футболшысын жақында мансабын аяқтауы мүмкін Луис Суарестің орнын басатын ойыншы ретінде көреді.

Левандовски осы маусымда 10 матчта төрт гол соқты. Роберттің «Барселонамен» келісімшарты келер жазда аяқталады. Соңғы қауесеттерге сенсек, Каталония клубы келісімді ұзартпайтын секілді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram