16.10.2025 18:58

«Барселона» Левандовскидің орнына топ-шабуылшы алмақ

16.10.2025 18:58

«Барселона» Роберт Левандовскидің орнын басатын ойыншы іздестіріп жатыр

Tuttosport мәліметінше, Каталония клубы «Ювентус» форварды Душан Влаховичке көз тігіп отыр. Испанияның алпауыты сербиялық шабуылшыны келер жазда еркін агент ретінде қатарға қосуды көздейді.

«Блаугрананың» спорт директоры Деку қазірдің өзінде 25 жастағы футболшының агентімен байланыс орнатып үлгеріпті.

Осыған дейін «Барселонаның» Роберт Левандовскимен келісімшартты ұзартпайтыны туралы қауесет тараған еді.

Влахович осы маусымда сегіз ойында төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram