26.09.2025 15:00
Влахович мансабын АПЛ-де жалғастыруы мүмкін
26.09.2025 15:00
Душан Влахович «Ювентустен» кетуі мүмкін

La Gazetta dello Sport мәліметінше, сербиялық шабуылшыға «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» көз тігіп отыр.
Туриннің командасы мейлінше тезірек Влаховичті сатып құтылуды жоспарлап жүр екен. Себебі, арадағы келісімшарт келесі жазда күшін жояды. Ал клуб Душаннан тегін айырылып қалғысы келмейді. Сондай-ақ, жарты жылдық жалақысын да қалтаға басып қалуды көздеп отыр. 25 жастағы футболшының өзі де клуб ауыстыруға ниетті.
Влахович биылғы маусымда төрт матч өткізіп, екі гол соқты.