09.04.2026 23:52
Робертсон «Ливерпульден» кетеді
09.04.2026 23:52
Эндрю Робертсон жазда «Ливерпульден» кетеді

Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.
32 жастағы шотландиялық ойыншы Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол содан бері Англияның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды және одан бөлек тағы алты трофей жеңді.
Робертсон осы маусымда 31 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.