14.04.2026 11:34

Робертсонның «Ливерпульден» неге кететіні белгілі болды

14.04.2026 11:34

«Ливерпуль» қорғаушысы Эндрю Робертсон өзіне жаңа келісімшарт ұсынылмағанын айтты

«Келісімшартты ұзартудан бас тартқаным жоқ. Маған жай ғана келісімшарт ұсынбады. Негізі өткен маусымда-ақ кеткім келген, бірақ қалдым. Сосын қаңтар айында да дәл осылай болды»,– деді Эндрю.

9 сәуір күні Робертсонның клубтан кететіні хабарланды. 32 жастағы шотландиялық ойыншы Мерсисайд ұжымының намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол содан бері Англияның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды және одан бөлек тағы алты трофей жеңді.

Робертсон осы маусымда 31 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram