06.10.2025 12:38
Родри қатардан шықты
06.10.2025 12:38
«Манчестер Сити» ойыншысы Родри жарақат алды

Испаниялық жартылай қорғаушы «Брентфордқа» қарсы матчта (1:0) бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты 29 жастағы ойыншы ұлттық құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды.
Родри 18 қазан күні өтетін «Эвертонға» қарсы ойында алаңға оралып қалуы мүмкін.
Биылғы маусымда ол 11 ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берді.