28.10.2025 12:16

Родри қатарға оралды

28.10.2025 12:16

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри қатарға қосылды

Испания құрамасының футболшысы жарақатынан айығып, кеше топтық жаттығуға қатысты. Енді алдағы ойындарда алаңға шығады деп күтілуде.

Осыған дейін ол 5 қазан күні «Брентфордке» (1:0) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алып, содан бері үш матчтан тыс қалған еді.

Ал осы маусымда жеті ойынға қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Айта кетейік, «Манчестер Сити» ертең, 29 қазанда Лига кубогының 1/8 финалы аясында «Суонсимен» кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram