19.07.2026 20:35
Родри «Реалға» ауысуы мүмкін
19.07.2026 20:35
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри «Реалға» ауысуы мүмкін

Sport.es хабарлауынша, Мадридтің клубы Родридің Әлем чемпионатында көрсеткен ойынына тәнті және осы жазда қатарына қосқысы келеді. «Бланкос» бас бапкері Жозе Моуринью да оны өз командасында көргісі келеді. Ал Родри болашағына қатысты шешімді бүгінгі Аргентинаға қарсы мундиальдың финалынан кейін қабылдайды.
30 жастағы Испания құрамасының ойыншысы өткен маусымда 33 матчқа қатысып, екі гол соқты.