19.07.2026 18:37

«Тоттенхэм» Ромероны сатуға дайын

19.07.2026 18:37

«Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро осы жазда клуб ауыстыруы әбден мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, Лондонның командасы оны сатуға дайын және 50 миллион фунт стерлингке бағалап отыр. Дегенмен 40 миллионның айналасында ұсыныс түсіп жатса клуб Ромеромен қош айтысуы ықтимал.

Қазір оны «Реал», «Барселона», «Атлетико» және «Интер» өз қатарынан көргісі келеді.

28 жастағы Аргентина құрамасының ойыншысы «Тоттенхэм» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол өткен маусымда 32 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram