10.11.2025 14:13
Сака «Арсеналда» қалады
10.11.2025 14:13
Букайо Сака «Арсеналмен» жаңа келісімшартқа қол қоюға жақын

Белгілі инсайдер Николо Скира хабарлауынша, «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Букайо Сака клубпен жаңа ұзақмерзімді келісімшарт жасауға бір қадам жақындады.
Келісімшарт 2030 жылдың маусымына дейін есептеліп, ойыншының жалақысы едәуір өседі. «Арсенал» Саканы командада сақтап қалудың бар амалын жасауда.
Сака ағымдағы маусымда 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас беріп үлгерді.