06.12.2025 00:47

Собослаи қазіргі жағдайды түсіндірді

06.12.2025 00:47

Доминик Собослаи: «Слот шешім табады, бірақ мәселе тек бапкерде емес»

«Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи команда бас бапкері Арне Слотты қолдап, нәтижелерге жауапкершілік тек жаттықтырушыда ғана емес, ойыншыларда да бар екенін атап өтті.

«Футболда жеңіс те, сәтсіздік те болады. Біз алғашқы маусымда АПЛ-ды жеңіп алдық. Қазір біз шешімін табуымыз керек жағдайлар бар. Ол шешімін табады, бірақ мәселе тек бапкерде емес. Мәселе бізде, өйткені алаңға шығатын - біз. Ол бізге құрылым мен идея бере алады. Бірақ тіпті олар жақсы болса да, біз максимум деңгейде ойнауымыз керек. Дәл осыны әр матчта орындауға тырысамыз», - деді венгр футболшысы.

Ағылшын Премьер-лигасының 14-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Сандерлендпен» ұпай бөліскен еді (1:1).

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram