27.07.2026 19:22

Стоунзға төрт клуб көз тігіп отыр

27.07.2026 19:22

Джон Стоунз команда іздеу үстінде

Фабрицио Романоның хабарлауынша, оны «Арсенал», «Челси», «Интер» және «Ювентус» еркін агент ретінде қатарына қосқысы келеді. Джонның өкілдері қазір Италияның клубтарымен келіссөз жүргізіп жатыр және өзі А Сериясында ойнауға дайын.

Стоунз 2016 жылдан бері «Манчестер Ситиде» ойнап келді. Ол өткен маусымда 18 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. 1 шілдеде келісімшарты аяқталып, қазір клубсыз жүр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram