29.11.2025 11:35

Темірлан Анарбеков Еуропаның клубына ауысуы мүмкін

29.11.2025 11:35

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков мансабын Португалияда жалғастыруы мүмкін

Бұл туралы Goal kz Португалия басылымдарына сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, 22 жастағы отандасымызға «Бенфика» мен «Спортинг» қызығушылық танытып отыр. Лисабонның клубтары қыстағы трансфер кезеңінде 2,5 млн еуро көлемінде ұсыныс жасамақ ниетте екен.

Анарбеков «Қайрат» сапында өткізген 21 ойынның 12-сінде қақпасына гол жібермеді. Сондай-ақ 4 қыркүйекте Қазақстан құрамасында дебют жасап, содан бері Ұлттық командада екі матч өткізіп үлгерді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram