11.04.2026 21:01

«Тобыл» мен «Қайрат» тең тарқасты

11.04.2026 21:01

Қазақстан Премьер-лигасының 5-турында «Тобыл мен «Қайрат» кездесті

Қостанайда өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтың 13-минутында Урош Милованович есеп ашса, 19-минутта Дастан Сәтпаев таразы басын тең етті.

Осылайша «Қайрат» 11-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде көш бастады. Ал «Тобыл» екі ұпаймен 13-орында қалды.

Келесі турда Рафаэль Уразбахтин шәкірттері «Каспийді» қабылдаса, Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы «Ұлытауға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram