04.10.2025 21:18

«Тобыл» Қазақстан кубогының иегері атанды

04.10.2025 21:18

Қазақстан кубогының финалында «Тобыл» «Ордабасыны» тізе бүктірді

Су жаңа «Қайсар Арена» стадионында өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. «Тобыл» сапында Ислам Чесноков пен Николай Сигневич қақпа торын тулатты.

Осылайша Қостанайдың клубы тарихында үшінші рет бұл турнирде топ жарды. Бұған дейін 2007 және 2023 жылдары Ел кубогын иеленген.

Ішкі чемпионатта 24 ойында 50 ұпай жинаған Нұрбол Жұмасқалиев шәкірттері үшінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram