10.12.2025 10:34

«Тоттенхэм» рекорд орнатты

10.12.2025 10:34

«Тоттенхэм» Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Лондонның клубы жалпы кезеңнің 6-турында «Славияны» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасы аясында өткізген өз алаңындағы төрт матчта қатарынан қақпасына гол жібермеді.

Бұған дейін «қораздар» «Миланмен» (0:0) тең ойнап, «Вильярреал» (1:0) және «Копенгагенді» (4:0) сенімді жеңген еді.

Алты ойыннан кейін 11 ұпай жинаған Лондонның клубы турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. Томас Франк шәкірттері келесі турда 20 қаңтар күні «Боруссия Дортмундты» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram