10.12.2025 09:24

Карл Леннарт рекорд орнатты

10.12.2025 09:24

«Бавария» жартылай қорғаушысы Карл Леннарт Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Неміс жартылай қорғаушысы кеше «Спортинг» (3:1) қақпасына бір гол енгізді. Осылайша ол 17 жас 290 күнінде турнир аясында қатарынан үш матчта гол соққан ең жас ойыншы атанды. Леннарт өткен турларда «Брюгге» (4:0) мен «Арсеналға» (1:3) қарсы матчта дараланған еді.

Ал бұған дейінгі рекордты Килиан Мбаппе 2017 жылы 18 жас 113 күнінде тіркеген.

Айта кетейік, Леннарт осы маусымда 19 ойында бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram