10.12.2025 08:52
Месси MLS-2025 үздік ойыншысы атанды
10.12.2025 08:52
«Интер Майами» дүлдүлі Лионель Месси MLS чемпионатының 2025 жылдағы үздік ойыншысы атанды

38 жастағы шабуылшы дауыс беру нәтижесінде Андерс Дрейер («Сан Диего»), Денис Буанга («Лос Анджелес»), Эвандер («Цинциннати») және Сэм Сэрриджді («Нэшвилл») артқа тастады.
Осылайша Лео бұл жүлдені қатарынан екі маусымда жеңіп алған алғашқы ойыншы атанды.
Айта кетейік, Месси MLS біріншілігінде биыл 34 ойында 35 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді.