12.04.2026 20:20

«Тоттенхэм» жеңіліп қалды

12.04.2026 20:20

Ағылшын Премьер-лигасының 32-турында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Сандерлендке» жол берді

«Стэдиум оф Лайт» аренасында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталып, жалғыз голды 61-минутта Норди Мукиеле соқты.

Бұл бас бапкер Роберто де Дзербидің «Тоттенхэм» тізгініндегі алғашқы матчы болды.

32 турдан кейін 30 ұпай жинаған Лондонның клубы турнир кестесінде қауіпті аймаққа кіретін 18-орында келеді. Келесі турда команда 18 сәуір күні «Брайтонды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram