29.01.2026 09:32
Трубиннің есімі тарихта қалды
29.01.2026 09:32
Чемпиондар лигасының сегізінші турында «Бенфика» өз алаңында «Реалды» 4:2 есебімен тізе бүктірді

Матчтағы соңғы голды 90+8-минутта Португалия ұжымының қақпашысы Анатолий Трубин соқты.
Осылайша ол Чемпиондар лигасында гол соққан бесінші голкипер атанды. Бұған дейін Ханс-Йорг Бутт (үш гол), Синан Болат, Винсент Эньеама және Иван Проведел қақпа торын тулатқан.
Трубин осы маусымда 33 матчта 26 гол өткізіп, 17 ойында қақпасына доп жібермеді.