08.06.2026 12:02
Ван Перси «Фейеноорд» бас бапкері қызметінен кетті
08.06.2026 12:02
«Фейеноорд» бас бапкері Робин ван Персимен қош айтысқанын хабарлады

Қос тарап келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
42 жастағы Нидерланд маманы Роттердамның клубын былтыр тізгіндеген еді. Содан бері команда 30 рет жеңіске жетіп, тоғыз мәрте тең түссе, 19 ойында қарсыласына жол берді.
Ван Перси футболшы кезінде «Арсенал», «Манчестер Юнайтед», «Фенербахче», «Фейеноорд» және Нидерланд құрамасында ойнаған.