06.12.2025 06:06

Хаби мен Винидің арасында ешқандай мәселе жоқ

06.12.2025 06:06

Винисиус пен Хаби Алонсо арасындағы барлық келіспеушіліктер шешілді

Diario AS деректеріне сүйенсек, Винисиус Жуниор мен «Реал Мадридтің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо арасындағы бұрынғы түсініспеушіліктер толығымен артта қалды. Екі тараптың да қарым-қатынасы жақсарып, команда ішіндегі кез келген шиеленіс ресми түрде жойылғаны хабарланды.

Мәліметтерге қарағанда, Винисиус Хаби Алонсоның жобасына толықтай риза және жаңа бапкердің ойын стилі мен тактикалық талаптарына өзінің ойыны мінсіз үйлеседі деп санайды.

Ойыншының бапкермен тез арада сөйлескісі келгені де айтылады. Себебі Винисиус өзіне артылған үлкен сенімді сезініп, «Реалдың» ойыншысына тән жауапкершілікті толық мойнына алуға дайын екенін білдіргісі келген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram