02.10.2026 16:25
Хаверцтің жағдайы белгілі болды
02.10.2026 16:25
«Арсенал» шабуылшысы Кай Хаверцтің жағдайы белгілі болды

27 жастағы Германия құрамасының форварды Ұлттар лигасындағы Нидерландқа (1:1) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алған еді.
Now.arsenal хабарлауынша, оның бұл жарақаты соншалықты ауыр емес. Кай 10 қазанда болатын «Лидске» қарсы ойынға қатысуы мүмкін.
Сондай-ақ Мартин Эдегор, Деклан Райс, Кристиан Москера, Бен Уайт және Эзри Консаның халі тәуір болып келеді. Ал Христос Цолистің алаңға қашан оралатыны әлі белгісіз.