14.06.2026 19:31
Хейсен «Челсиге» ауысуы мүмкін
14.06.2026 19:31
«Реал» қорғаушысы Дин Хейсен мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Sportsboom хабарлауынша, оған «Челси» қызығушылық танытуда. Лондон клубының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо бұрынғы шәкіртін өз командасында көргісі келеді.
21 жастағы испаниялық ойыншы «Реал» сапына өткен жазда «Борнмуттан» 62,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол биылғы маусымда 40 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына барады.