18.09.2026 21:22
Хулиан Альварес қатарға оралды
18.09.2026 21:22
«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварестің жағдайы белгілі болды

Осыған дейін 26 жастағы аргентиналық форвард бұлшық етін зақымдап алып, «Реал Сосьедад» (3:0) пен «Осасунаға» (4:0) қарсы ойнамаған еді. Бірақ The Touchline хабарлауынша, ол жарақатынан айықты және 20 қыркүйек күні өтетін «Реалға» қарсы дербиге қатысады.
Мадридтің клубы Альваресті 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға сатып алған еді. Хулиан осы маусымда үш матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.