13.02.2026 11:15

Хулиан Альвареске төрт клуб «құда түсті»

13.02.2026 11:15

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес жақында клуб ауыстыруы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, «Арсенал» мен «Челси» Хулианды жазда сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ «Барселона» мен ПСЖ да оны өз қатарынан көргісі келеді.

Мадридтің клубы басты жұлдызын 100 миллион еуроның шамасында сатуға дайын екен.

26 жастағы аргентиналық форвард осы маусымда 33 матчта 12 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram