23.07.2026 12:32
Хусанов пен Доку «Манчестер Ситимен» келісімшартты ұзартады
23.07.2026 12:32
«Манчестер Сити» екі ойыншысын клубта ұзаққа қалдырады

The Athletic хабарлауынша, «қалалықтар» Өзбекстан қорғаушысы Абдуқодир Хусанов және Бельгия вингері Жереми Докумен келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Тараптар толыққанды келісімге келіпті.
Доку «Манчестер Сити» намысын 2023, ал Хусанов 2025 жылдан бері қорғап келеді. Жеремидің қазіргі келісімшартты 2028 жылы аяқталса, Абдуқодирдікі 2029-да күшін жояды.