23.07.2026 12:13
Крисенсио Саммервил «Әл-Хиләл» ойыншысы атанады
23.07.2026 12:13
Крисенсио Саммервил мансабын «Әл-Хиләлде» жалғайды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша келісімге келді және Саммервил Саудияның клубына ауысуға дайын. «Әл-Хиләл» Крисенсио үшін таласта барын салған «Романы» шаң қаптырып кетті.
«Вест Хэм» трансфер үшін 55 миллион фунт стерлинг және қосымша он миллион бонус алады.
24 жастағы Нидерланд құрамасының вингері биылғы Әлем чемпионатында төрт матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.