08.04.2026 16:53

«Жиіркенішті»: Ван дер Варт Винисиусты сынға алды

08.04.2026 16:53

«Реал», «Тоттенхэм» және Нидерланд құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Рафаэл ван дер Варт Винисиус Жуниорға қатысты пікір білдірді

«Винисиустың симуляция жасауын қалай қойдырсақ болады? Өте өкінішті жағдай, себебі ол ғаламат футболшы. Бұл туралы айтқым да келмейді, жиіркенішті. Вини қит етсе құлап, оның үстіне қызыл қағаз талап етеді»,– деді 43 жастағы бұрынғы футболшы.

«Реалдың» 25 жастағы бразилиялық вингері осы маусымда 45 матчта 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram