01.08.2026 20:26
Жоао Педро «Челсиде» қалады
01.08.2026 20:26
«Челси» шабуылшысы Жоау Педро клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2033 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы ауызша келісімге келді. Оған сәйкес жалақысы біршама артады екен. Педро осы үшін үш клубтың ұсынысынан бас тартқан.
24 жастағы бразилиялық форвард Лондонның клубына 2025 жылдың жазында «Брайтоннан» 63,7 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 50 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.