01.08.2026 18:25
ПСЖ Ферран Торреспен келіссөз жүргізіп жатыр
01.08.2026 18:25
«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Париждің клубы Торрестің өкілдерімен тікелей келіссөз жүргізіп жатыр. Ал «Барселона» ойыншысын сатқысы келмейді, бірақ Ферранның өзі кетемін десе ұстамайды екен.
ПСЖ Торресті және «Аякс» вингері Мика Годтсті алу үшін барын салып жатыр. Себебі Ли Кан Ин, Гонсалу Рамуш және Ибраһим Мбайе клубтан кетеді. Оның үстіне Брэдли Барколя «Ливерпульге» ауысуға жақын.
«Блауграна» 26 жастағы испаниялық форвардты 2022 жылы «Манчестер Ситиден» 55 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 49 матчта 21 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.