01.08.2026 18:13
«Реал» ойыншысы «Миланға» ауысуы мүмкін
01.08.2026 18:13
«Реал» вингері Браим Диас «Миланға» оралуы мүмкін

Corriere dello Sport хабарлауынша, «россонерри» 26 жастағы марокколық ойыншыны жақында клубтан кететін Рафаэль Леаудың орнына қарастырып отыр. Сондай-ақ «Милан» «Арсенал» футболшысы Итан Нванери мен «Ромадағы» Матиас Сулеге де қызығушылық танытуда.
Ал Леау мансабын Түркияда жалғайтын секілді. Оған «Галатасарай» ұсыныс жасамақ. Рафаэль Ыстамбұл клубынан жылына 10 миллион еуродан сәл көбірек жалақы сұрап отыр. «Милан» болса ойыншысын сатуға дайын.
Браим 2020-2023 жылдары «Миланда» жалға ойнаған еді. Ол өткен маусымда 42 матчта екі гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.