12.12.2025 11:57
Жоау Невеш Роналдудың рекордын жаңартты
12.12.2025 11:57
Жоау Невеш Криштиану Роналдуға тиесілі рекордты бұзды

ПСЖ жартылай қорғаушысы Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 6-туры аясындағы «Атлетикке» (0:0) қарсы матчта толық 90 минут ойнады.
Осылайша ол турнирде 30 матч өткізген ең жас португал ойыншы атанды. Невеш бұл көрсеткішті 21 жас 74 күнінде тіркеп, Криштиану Роналдудың (22 жас 226 күн) рекордын жаңартты.
Невеш осы маусымда 13 ойында алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.