12.12.2025 11:17
Тьяго Алькантара Ла Лига клубын тізгіндеуден бас тартты
12.12.2025 11:17
Тьяго Алькантара «Левантенің» бетін қайтарды

Маттео Мореттоның хабарлауынша, Валенсияның клубы Тьяго Алькантараға бас бапкер болуды ұсынған. Алайда 34 жастағы испан маманы «жарқанаттарды» тізгіндеуден бас тартыпты.
Бүгінде Алькантара «Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің штабында қызмет атқарады.
Айта кетейік, Алькантара футболшы ретінде «Барселона», «Бавария» және «Ливерпульде» ойнаған. Ол мансабын 2024 жылдың 7 шілдесінде аяқтады.