28.10.2025 19:52

Адейеми шатақ шығарды

28.10.2025 19:52

Ойыншы бапкермен келіспейді

«Боруссия Дортмунд» шабуылшысы Карим Адейеми «Кёльнге» қарсы матчта шу шығарды. 78-минутта алаңнан алмастырылған футболшы өзінің эмоциясын ұстай алмай, бас бапкер Нико Ковачқа қол беруден бас тартып, ашуға булыққан.

Бұл көрініс әлеуметтік желілер мен жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр. Бапкер Нико Ковач ойыншыға мұндай жағдайда өзін ғана емес, команданы ойлау керектігін жеткізді. Ал футболшының өзі бұл жағдайға қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram