28.10.2025 16:02

АПЛ 9-турының үздіктері аталды

28.10.2025 16:02

«Ньюкаслдың» бұрынғы шабуылшысы Алан Ширер әдеттегідей Ағылшын Премьер-лигасының соңғы турындағы үздіктерді іріктеді

Ширердің таңдауы бойынша 9-турдың символикалық құрамы мынадай:

Қақпашы: Гульельмо Викарио («Тоттенхэм»);

Қорғаушылар: Мэтти Кэш («Астон Вилла»), Мәлік Тшау («Ньюкасл»), Микки ван де Вен («Тоттенхэм»), Майкл Кайоде («Брентфорд»);

Жартылай қорғаушылар: Бруно Гимарайнш («Ньюкасл»), Амаду Онана («Астон Вилла»), Гранит Джака («Сандерленд»);

Шабуылшылар: Брайан Мбеумо («Манчестер Юнайтед»), Жуниор Крупи («Борнмут»), Зиан Флемминг («Бёрнли»).

Ал үздік бапкер деп «Брентфорд» жетекшісі Кит Эндрюсты таныды.

Айта кетейік, тоғыз тур қорытындысынан кейін 22 ұпай жинаған «Арсенал» турнир кестесінде көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram