28.10.2025 15:37

«Реал» ойыншысына ота жасалды

28.10.2025 15:37

«Реал» капитаны әрі қорғаушысы Дани Карвахаль жарақат алды

Испаниялық ойыншы «Барселонаға» (2:1) қарсы ойында оң тізесін зақымдап алған еді.

Осыған байланысты бүгін оған артроскопиялық ота жасалды. Енді алдағы күндері қалыпқа келу жаттығуларын бастайды.

Дани шамамен 2-3 ай уақыт командасына көмектесе алмайды.

Ол осы маусымда сегіз матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram