28.10.2025 13:24

«Бавария» Николас Джексонды сатып алмайды

28.10.2025 13:24

«Бавария» шабуылшыны сатып алудан бас тартты

Мюнхеннің «Бавария» клубы шабуылшы Николас Джексонды толыққанды трансфер арқылы сатып алуды қарастырмай отыр. Қазіргі таңда клубтың басты жоспары – ойыншыны тек уақытша жалға алумен шектеледі.

Клуб басшылығының айтуынша, Джексонның трансферлік құны тым жоғары болғандықтан, мәміле тиімсіз деп бағаланған. Осыған байланысты футболшының командадан кетуі мүмкін деген сыбыстар жиілеп отыр.

Дереккөздердің хабарлауынша, «Бавария» жаңа маусымда шабуыл шебін күшейтудің басқа нұсқаларын қарастыруда. Ал Николас Джексонның болашағына қатысты түпкілікті шешім алдағы апталарда белгілі болуы ықтимал.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram