28.10.2025 11:47
Спаллетти «Ювентус» бас бапкері атануға жақын
28.10.2025 11:47
Лучано Спаллетти «Ювентус» бас бапкері атануға жақын

Джанлука ди Марционың мәліметінше, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Клуб 66 жастағы маманға маусым айына жарамды келісімшарт ұсынбақ. Егер Чемпиондар лигасына жолдама алған жағдайда, тағы бір жылға ұзартылады екен.
Енді жалақы бойынша келісу ғана қалды. Сол үшін бүгін, 28 қазанда италиялық тәлімгер Турин клубының басшылығымен кездеседі.
Бәрі ойдағыдай болса, Спаллетти команданы 1 қараша күні өз алаңында өтетін «Кремонезеге» қарсы ойынға бастап шығады.. Ал оған дейінгі «Удинеземен» ойында Массимо Брамбилла жетекші болады.
Айта кетейік, сегіз ойын (4 жеңіліс, 4 тең) қатарынан жеңіске жете алмай келе жатқан «Ювентус» Италия А Сериясында сегізінші орында тұр. Ал Лучано Спаллетти 10 маусымда Италия құрамасындағы қызметінен кеткеннен бері жұмыссыз жүр.