27.10.2025 17:10
«Ювентус» бас бапкерсіз қалды
27.10.2025 17:10
«Ювентус» бас бапкері Игор Тудор мезгілінен бұрын қызметінен босатылды

Сондай-ақ Тудордың штабы да жұмыссыз қалды. Енді Туриннің клубын Массимо Брамбилла уақытша тізгіндейді.
47 жастағы хорват маманы «бьянконериді» наурыз айынан бері баптаған еді. Оның тұсында команда 10 рет жеңіске жетіп, сегіз мәрте тең түсіп, алты матчта жеңіліс тапты.
Сегіз турдан кейін 12 ұпай жинаған «Ювентус» Италия А Сериясында сегізінші келеді.