27.10.2025 12:43
«Ювентус» 34 жыл болмаған антирекордын қайталады
27.10.2025 12:43
«Ювентус» А Сериясының 8-турында «Лациоға» 0:1 есебімен есе жіберді.
Осылайша Игор Тудор бастаған туриндіктер қатарынан сегіз ойын жеңіске жете алмай келеді.
Сондай-ақ 1991 жылдан (наурыз-ақпан) бері бірінші рет қатарынан төрт матчта гол соға алмады. Ол кезде команданы Луиджи Майфреди тізгіндеген еді.
«Ювентус» келесі матчын 29 қазан күні өз алаңында «Удинезеге» қарсы өткізеді.