27.10.2025 22:44
Бес үміткер белгілі: «Ювентусты» кім тізгіндеуі мүмкін?
27.10.2025 22:44
Бүгін, 27 қазанда бас бапкер Игор Тудор мен оның штабы «Ювентустегі» қыметінен мезгілінен бұрын босатылды

Фабрицио Романоның мәліметінше, Туриннің клубын тізгіндеуге Лучано Спалетти мен Раффаэле Палладино басты үміткер болып тұр. Егер аталған қос бапкермен келісімге келе алмаса клуб Роберто Манчинимен байланысқа шығады екен.
Сондай-ақ Маттео Мореттоның инсайдына сүйенсек, «бьянконери» «Челси» жетекшісі Энцо Марескаға қызығушылық танытып отыр. L'Equipe болса Зинедин Зидан бапкерлік мансабын дәл осы клубта жандандыруы мүмкін дейді.
Ал бас бапкер тағайындалғанша команданы Массимо Брамбилла уақытша жаттықтырады.
Сегіз ойын (3 жеңіліс, 5 тең) қатарынан жеңіске жете алмай келе жатқан «Ювентус» Италия А Сериясында сегізінші орында тұр.